Биыл тағы 65 емдеу мекемесі ел игілігіне беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл тағы 65 емдеу мекемесі ел игілігіне беріледі

Биыл тағы 65 емдеу мекемесі ел игілігіне беріледі

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов сала мамандарының кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында айтты.

«Маусым айнынан бастап негізгі медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар басқа да материалдық-техникалық жабдықтар артып келеді. Былтыр медициналық қызмет көрсететін 27 көлік алынса, биыл олардың қатары тағы 44 көлікпен толығатын болады», - деді Асқар Исабекұлы.

Өңір басшысының сөзіне қ?

  • 16 Маусым 2019
  • 47
Фото - Caravan.kz

«Маусым айнынан бастап негізгі медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар басқа да материалдық-техникалық жабдықтар артып келеді. Былтыр медициналық қызмет көрсететін 27 көлік алынса, биыл олардың қатары тағы 44 көлікпен толығатын болады», — деді Асқар Исабекұлы.

Өңір басшысының сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Елдімекендердегі алғашқы медициналық көмек көрсететін мамандардың тапшылығын жою мақсатында былтыр облысқа келген 122 жас маманның 102-сі ауылдық жерлерге жіберілген. Оның 76-сына жергілікті бюджет есебінен 61 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.

«Биыл 65 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылады. Сонымен қатар құны 13,2 миллиард теңгені құрайтын 200 төсекке арналған онкологиялық диспансердің құрылысы жүргізілуде. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі деуге болады», — деді А.Мырзахметов.

Профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Жүрек-қан тамырлары хирургтары ассоциациясының президенті, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Сейтхан Жошыбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицинаға көп көңіл бөліп отырғанын айтты.


«Жаңадан Кодекс қабылданатын болды. Мұның өзі мемлекет тарапынан үлкен қолдау барын көрсетсе керек. Біз тек қолдағы барлық мүмкіндігімізді пайдалануға тиіспіз», — деді ардагер-дәрігер.

Айта кетейік, кәсіби мереке қарсаңында медицина саласында ұзақ уақыт және үздік еңбек еткен қызметкерлер түрлі төсбелгілермен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар