Биыл тұңғыш рет қазақ хандары мен билері атынан бәдел қажылық ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл тұңғыш рет қазақ хандары мен билері атынан бәдел қажылық ұйымдастырылады

Биыл тұңғыш рет қазақ хандары мен билері атынан бәдел қажылық ұйымдастырылады

Оңтүстік Қазақстан облысынан қасиетті қажылық сапарға биыл 1800-ге жуық азамат аттанады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметінен.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz

— Мұсылманның қасиетті парызының бірі — қажылықты орындау. Бұл орайда биыл республика бойынша 4000 азамат қасиетті сапарға аттанады. Оның ішінде 1800-ге жуығы (45%) біздің облыстың еншісінде. Ерекше атап өтерлік жайт, биыл қажылыққа елімізден тікелей әуе рейстері ашылып отыр. Қазақстан бен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында қабылданған меморандумға сәйкес, еліміздің қажыларын тасымалдау құқығы «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясына берілді. Енді Алматы-Жидда-Мәдина-Алматы бағыты бойынша тікелей рейстер орындалады. Қажылардың ұшып кету уақыты үстіміздегі жылдың 11-16 қыркүйек, ал ұшып келу уақыты 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында жүзеге асады, — дейді ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

Қажылыққа ниет еткен азаматтардың барлығы да тіркеуге алынып, тиісті екпелерін қабылдаған. Облыстық мешітте қажылық кезінде атқаратын ережелер мен тәртіптері түсіндірілген. Мұсылманшылық парызын өтеуге аттанатындарды бастап облыстан биыл үш имам аттанады. Бұдан өзге, екі ауыл имамы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының демеушілігімен қажылыққа тегін барып келу құрметіне ие болып отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ билері мен хандары атынан бәдел қажылық ұйымдастырылмақ екен.

— Халыққа түсінікті болу үшін баяндап кетейік, бәдел — бұрын қажылыққа барып келген адамның өзге адамның атынан жасалатын қажылығы. Аталған шара тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл парызды орындау мақсатында облыс имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров үш жүздің басын қосқан қазақтың көрнекті тұлғасы Абылай ханның атынан, шешендігі мен турашылдығы арқылы халықтың жүрегінен орын алған әз Төле би бабамыздың атынан Төлеби ауданының бас имамы Самат Анарбаев бәдел қажылық пырызын өтеуге ниеттеніп отыр, — деді ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек.


Жиын барысында сонымен бірге Құрбан айт мерекесін тойлау үрдістері де сөз болды. Шымкент қалалық А.Қаттани мешітінің бас имамы Бағдәулет Абдрахманов Құрбан айт мерекесі және құрбан шалудың пайдалары мен тәртібі туралы түсіндірді. Құрбан айт мерекесіне орай қала мешіттерінде бірқатар жұмыстар қолға алынған. Айт мерекесі күндері мешіттерде құрбандық шалу ісі ұйымдастырылады. Мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылады.

Соңғы жаңалықтар