Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кепілсіз кредит бере бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кепілсіз кредит бере бастайды

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кепілсіз кредит бере бастайды

Қыркүйек айынан бастап, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арнайы жобаны жүзеге асырады. Енді азаматтар пәтерді кепілсіз кредит арқылы ала алады.

  • 17 Тамыз 2017
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет баспасөз орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасына арналған брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жақсы жаңалығым бар. Қазақстанда Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры азаматтарға үлескерлік құрылысқа қатысуға мүмкіндік береді. «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы құрылысты аяқтауға кепілдік беру үшін құрылды. Осыған орай біз алғашқы жобаны қолға алдық. Қыркүйек айынан бастап «Миллениум Парк» тұрғын үйіне құжаттарды қабылдай бастаймыз. Мұндағы пәтердің бір шаршы метрі 290 мың теңгеден басталады. Біз осы үйді өз салымшыларымызға береміз», — деді ол.

Ләззат Ибрагимова аталмыш жобаның талабын түсіндірді. Оның айтуынша, бұдан былай банк арнайы кепілсіз кредит бере бастайды.


«Мұнда кепілдікті үлескерлік құрылысына қатысу шарты береді. Себебі, жоғары аталған нысан «Базис А» компаниясына тиесілі. Ол Тұрғын үй құрылысы кепілдік беру қорынан кепілдік алған. Бұл — «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бір компентенті. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді бағдарламаға қатысуға шақырамыз», — деп түйіндеді сөзін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы.