Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, білім ұяларында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады. Штаттық режимде жұмыс жасауға кіріскен мектептердің дайындығы толықтай тексеруден өткен.
Түркістан облысы бойынша адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, өңірдегі 912 мектеп жоспарға сай өз жұмысына кіріскен. Былтырғы оқу жылында 910 мектеп жұмыс істесе, биыл Ордабасы ауданынан 600 орындық 1 мектеп және Жетісай ауданынан 200 орындық 1 мектеп іске қосылды. Оның ішінде 164 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп, 16 375 оқушыға білім беруде.
«Жалпы, өңір мектептерінде бала саны 499 535-і құрайды. Аудандарға тиісті 4000 мың дана планшет «Bilim» тарифтегі симкартасымен бірге, құжаттары рәсімделіп, ертеңнен бастап аудандарға жөнелтіледі. Бұл техникалар, ең алдымен әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына берілетін болады. Жалпы, барлық техниканы келісімшартта көрсетілген мерзімде уақытында жеткізу мәселесі бақылауға алынған», — деді әкімдіктен.