Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Достар, ҰБТ 2020 қорытындысы бойынша 140 балл жинаған балаларға ноутбук сыйға береміз деп уәде еткеніміз есіңізде болар! Өкінішке қарай, біз ондай нәтижеге жете алмадық, бірақ лайықты балаларға осындай пайдалы сыйлықты тарту рахатын жіберіп алғымыз келмеді», — деп жазды Дидар Смағұлов.
Оның айтуынша, ҰТО ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен 139 және 138 балл жинаған 5 балаға ноутбук сыйға беріледі.