Жарияланды: 380

Биыл Жалағаш ауданында 19,5 млн. теңгеге ішкі жолдар жөнделетін болады

Үстіміздегі жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 19,5 млн. теңгеге ішкі жолдар жөндеуден өткізілетін болады. Бұл үшін аудандық бюджеттен осыншама көлемде қаржы бөлініп отыр.

Қазір ауданда аталмыш жұмыстар басталып кетті. «Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына» сай жүргізіліп жатқан бұл жұмыстарды бас мердігер ретінде «Сыр жолдары» ЖШС жүргізуде. Жұмысын сәуір айында бастаған серіктестік жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 116 шақырым жолды жөндеуді толық аяқта­йды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін