Биыл жаңартылмалы энергия өндіру көлемі арта түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл жаңартылмалы энергия өндіру көлемі арта түсті

Биыл жаңартылмалы энергия өндіру көлемі арта түсті

Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы негізгі көрсеткіштердің өсуі тіркелді.

  • 30 Сәуiр
  • 3
ФОТО: kaz.inform.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Есептік кезеңнің соңында ЖЭК нысандарының жиынтық белгіленген қуаты 3082,12 МВт-ты құрады, оның ішінде:

жел электр станциялары – 1570,05 МВт;
күн электр станциялары – 1222,61 МВт;
шағын су электр станциялары – 287,685 МВт;
биоэлектр станциялар – 1,77 МВт.
ЖЭК нысандарында өндірілген электр энергиясының жалпы көлемі 1961,6 млн кВт·сағ-ты құрады, оның ішінде:

жел электр станцияларымен – 1417,19 млн кВт·сағ;
күн электр станцияларымен – 373,503 млн кВт·сағ;
шағын су электр станцияларымен – 170,253 млн кВт·сағ;
биоэлектр станцияларымен – 0,652 млн кВт·сағ.
Елдегі жалпы электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК үлесі 5,93%-ды құрады.

-2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ЖЭК нысандарында электр энергиясын өндіру көлемі 11,4%-ға өсті. Бұл Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторының тұрақты даму үрдісін көрсетеді, — деп жазды Энергетика министрлігінен.

Перейти к новостям спорта