Шенеуніктің айтуынша, Үкімет бастапқыда қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін сақтағысы келген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Десе де әзірге тоқтатып тұрмыз. Себебі қант біртіндеп қымбаттап жатыр. Бізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбатқа түседі. Әзірге ресейлік қант арзан, дегенмен біз жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қазір пысықталып жатыр. Қант бағасының босаңсуына жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырып жатырмыз", — деді Серік Жұманғарин.
Ол шикізаттың құны өскенін де атап өтті. Үкімет өкілінің сөзінше, мәселені шешуде ұзақ мерзімді перспективаға жүгінген тиімдірек.
"Әрине, қазір қант арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау бойынша мәселені қарастырамыз", — дейді министр.