Биыл жазда Қазақстанда классикалық музыка радиосы ашылады – БАМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл жазда Қазақстанда классикалық музыка радиосы ашылады – БАМ

Биыл жазда Қазақстанда классикалық музыка радиосы ашылады – БАМ

ҚР байланыс және ақпарат министрлігі (БАМ) биыл жазда классикалық музыка радиосын іске қоспақшы. Бұл туралы БАМ вице-министрі Нұртай Оразов мәлім етті.

  • 26 Сәуiр 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Классик» радиосы биыл жазда Хабар агенттігінің базасында ашылады. Бір-екі ай күту қалды. Бұл консерваториямен бірлескен жоба. (Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясымен – ҚазТАГ)», — деді ол журналистерге сейсенбі күні.

Вице-министрдің айтуынша, радио Хабардың қазіргі жиілігінде Алматы аумағында хабар таратады

«Әзірге тек осы қалаға ғана, себебі бос тұрған жиілік жоқ. Егер жиілік босап, және бұл радиоға тыңдаушылардың қызығушылығы бар болса, еліміздің барлық территориясына таратамыз», — деді Н. Оразов.

Одан басқа, дейді ол, бұл радио цирлық форматта жұмыс істейді. «Бұл теледидардағы радио іспеттес деуге болады. Әзірге цифрлық телерадиотарату жоқ болғандығы себепті біз оны «Классик» радиосын) цифрлы телерадио хабар тарату жасалған соң іске қосамыз. Айтпақшы, біз ол радионы спутник арқылы іске қосамыз. Ол туралы тиісті келісім бізде бар», — деді байланыс және ақпарат вице-министрі.

Классикалық радио ашу идеясының авторы қазақстандық танымал пианисші, профессор және Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерватория ректоры Жәния Әубәкірова.

Перейти к новостям спорта