2021 жылы кибербуллингтен кімдер жапа шекті? Не себепті?
Бүгін осы жайлы Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көреді.
Кибербуллинг құрбандарының бірі — Жазушы Аягүл Мантай
29 шілде күні жазушы, "Серпер" жастар сыйлығының иегері Аягүл Мантай Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Байқоныс ауылында өз үйінде өзіне қол жұмсаған болатын.
Жазушының құрбыларының, оқырмандарының пікірінше жазушы кибербуллинг құрбаны болды. Кейбір жандардың оған ауыр сөздерін көтере алмай, ол өзіне қол жұмсады деседі.
Құрбыларының айтуынша, ол күйзеліске түсіп, жалғызсырап жүрген. Өйткені, өмірінде біраз сәтсіздік болған. Ол қамқорлық, қолдау күткен.
Тәрбиеші өз-өзіне қол салды
Осыдан бірнеше күн бұрын бүлдіршіндерге қатыгез танытып, ата-аналарды шулатқан тәрбиеші соңында өліммен аяқтады. Мұны полиция да растаған болатын.
"1979 жылғы балабақша қызметкерінің өз-өзіне қол салғандығы рас. Қазіргі таңда іс қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", — деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Тәрбиешінің балаларды сабағанын білген жұрт ашуланған болатын. Осы сәттен кейін тәрбиеші кибербуллинг құрбанына айналып, өзіне қол салды.
Былтыр Қазақстанда кибербуллингтен 143 оқушы, биыл 103 оқушы өзіне қол салған.