Биылдан бастап қазақстандық дәрігерлер қауіпті ауруды анықтаған әр жағдай үшін сыйақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылдан бастап қазақстандық дәрігерлер қауіпті ауруды анықтаған әр жағдай үшін сыйақы алады

Биылдан бастап қазақстандық дәрігерлер қауіпті ауруды анықтаған әр жағдай үшін сыйақы алады

Төлем әр тоқсан сайын жалақымен бірге беріледі.

  • 4 Маусым
  • 4
Фото: ашық дереккөз

«Информбюро» бағдарламасының хабарлауынша, дәрігер пациенттен қатерлі ісік пен туберкулез ауруының белгілерін тапса, 5 АЕК немесе 18 460 теңге үстемеақы алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Төлем әр тоқсан сайын жалақымен бірге беріледі. Аталмыш жоба жергілікті учаскелік ақ халаттылардың жұмысын арттыру мақсатында қолға алынып отыр.

18 460 теңге қатерлі ісік пен туберкулез ауруларын ерте анықтаған учаскелік дәрігерлерге төленеді. Төлем балдық және бонустық жүйеде жүзеге асырылады. Олар әр ауру белгісін анықтаған жағдайда 5 АЕК бонус алады. Анықталған аурулар саны жүз ұпайға жетсе, әрқайсысына 16 000 теңгеден есептелінеді. Қаражат тоқсан сайын жалақымен бірге беріледі.

Елімізде жылына 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдықса, 200-ден астам адам туберкулезбен ауырады. Дәрігерлер мұның себебін халықтың уақытылы медициналық көмекке жүгінбейтінімен байланыстырады.