Биылдың өзінде елімізге 18 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды - Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылдың өзінде елімізге 18 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды - Мемлекет басшысы

Биылдың өзінде елімізге 18 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды - Мемлекет басшысы

Биылдың өзінде елімізге 18 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 503
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада электровоз құрастыратын зауытты іске қосу салтанаты барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстан алдағы уақытта да шетелдік инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Тек биылдың өзінде біз 18 млрд. тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Ал тәуелсіздік жылдарынан бері бұл 170 млрд. долларды құраған болатын. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз және біздің шетелдік достарымызды Қазақстанда бизнес жасауға шақырамыз», -деді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев.
Еске салсақ, бүгін елордада «Қазақстан темір жолы» ҰК» мен «Альстом» француз компаниясы және ресейлік «Трансмашхолдинг» компанияларының қатысуымен салынған жаңа электровоз құрастыру зауыты ашылған болатын. Электровоз құрастыру зауытының жобалық қуаты жылына 50 екі секциялық электровоз шығаруға жетеді. Зауытқа жоғарыда аталған Қазақстанның, Франция мен Ресейдің компаниялары жалпы құны 11,2 млрд теңге инвестиция жұмсаған болса, жаңа «Электровоз құрастыру зауыты» нысаны сол үш компанияның акцияларына сәйкес бірлескен кәсіпорын арқылы басқарылатын болады. Жоспарға орай, зауытта өндіріс 2013 жылдың қаңтарынан басталса, 2016 жылдары локомотив шығарудың жобалық қуатына жетеді деп жоспарлануда.