Көгілдір отынның 25,3 млрд. текше метрі осы ел өнімінің негізгі тұтынушылары болып табылатын Украина мен Иранға жіберілді. Украинаны газбен қамтамасыз етуді «Түрікменгаз» мемлекеттік концерніне қарасты кәсіпорындар атқарса, Иранның солтүстік провинцияларындағы көгілдір отын тұтынушылар алдындағы міндеттемені «Түрікменнефть» Мемлекеттік концерні орындайды.
Жыл басынан бері «Түрікменнефть» мемлекеттік концерні республиканың батыс бөлігіндегі кеніштерде 5,3 млрд. текше метр газ өндірді. Бұл көлемнің 3,4 млрд. текше метрі Түрікменстан мен Иран арасындағы Корпедже-Курт-Куи газ құбыры арқылы тасымалданды.