Биылғы алғашқы жарты жылдықта еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейінің төмендеуі 54%-ті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы алғашқы жарты жылдықта еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейінің төмендеуі 54%-ті құрады

Биылғы алғашқы жарты жылдықта еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейінің төмендеуі 54%-ті құрады

Еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейі биылғы алғашқы жарты жылдықта 54%-ке төмендеді. Ал 2002-жыл бойына бұл көрсеткіш 32%-ті құраған болатын. Бұл туралы Бас әскери прокуратурасының кеңейтілген коллегия отырысында ҚР бас әскери прокурорының жемқорлықпен күрес заңдылықтарының орындалуына бақылау қою жөніндегі аға көмекшісі Әскер Әлиев хабарлады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 790
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, әскери прокуратура, әскери әділеттілік және әскери басқару мекемелерінің өзара үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында Қазақстан Қарулы күштерінде, басқа да әскери құрылымдар мен жасақтарда әскери тәртіп пен құқықты нығайтуда оңды өзгерістер болды.

Мәселен, ҚР қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып офицерлік қылмыстардың алдын-алу жөніндегі шешімді жүзеге асыру нәтижесінде есепті мерзімде осындай қылмыстық көрсеткіш 48-ке кеміді.
Прокуратурада хабарлағанындай, 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында әскери құқық қорғау мекемелері тіркеген немесе әшкерелеген сыбайлас жемқорлық қылмыстары өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 51,5%-ке азайды. Қазақстан әскері қатарындағы жарақаттану салдарынан болатын адам шығыны 19,6%-ке, әскери емес себептермен болған шығындар 50%-ке, әлімжеттік жасау оқиғаларының кесірінен болатын адам шығыны 62%-ке азайды.
Қазір «ҚР әскери полициялық мекемелері туралы» заң жобасы жасалған. ҚР бас прокуратурасының ұсынысымен бұл заң жобасы үкіметтің үстіміздегі жылдың екінші жартысына белгіленген заң жобалау жұмыстарының жоспарына қамтылыпты.

Соңғы жаңалықтар