Оның айтуынша, әскери прокуратура, әскери әділеттілік және әскери басқару мекемелерінің өзара үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында Қазақстан Қарулы күштерінде, басқа да әскери құрылымдар мен жасақтарда әскери тәртіп пен құқықты нығайтуда оңды өзгерістер болды.
Мәселен, ҚР қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып офицерлік қылмыстардың алдын-алу жөніндегі шешімді жүзеге асыру нәтижесінде есепті мерзімде осындай қылмыстық көрсеткіш 48-ке кеміді.
Прокуратурада хабарлағанындай, 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында әскери құқық қорғау мекемелері тіркеген немесе әшкерелеген сыбайлас жемқорлық қылмыстары өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 51,5%-ке азайды. Қазақстан әскері қатарындағы жарақаттану салдарынан болатын адам шығыны 19,6%-ке, әскери емес себептермен болған шығындар 50%-ке, әлімжеттік жасау оқиғаларының кесірінен болатын адам шығыны 62%-ке азайды.
Қазір "ҚР әскери полициялық мекемелері туралы" заң жобасы жасалған. ҚР бас прокуратурасының ұсынысымен бұл заң жобасы үкіметтің үстіміздегі жылдың екінші жартысына белгіленген заң жобалау жұмыстарының жоспарына қамтылыпты.
Биылғы алғашқы жарты жылдықта еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейінің төмендеуі 54%-ті құрады
