Биылғы жазда полиция қызметкерлеріне демалыс болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жазда полиция қызметкерлеріне демалыс болмайды

Биылғы жазда полиция қызметкерлеріне демалыс болмайды

ЭКСПО көрмесі кезеңінде Қазақстанның ішкі істер органдары күшейтілген қызмет тәртібінде жұмыс істейді.

  • 24 Сәуiр 2017
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туалы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ішкі істер министрлігі өзге де құқық қорғау органдарымен, арнайы қызметтермен, сонымен қатар Астана әкімдігімен бірлесе отырып ЭКСПО көрмесіне әзірлік және оны өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Туындаған мәселелерді тез арада шешу үшін Ведомствоаралық жедел штаб құрылды. Осындай штабтар елордадағы және ішкі істер департаменттерінде жасақталды. Мамырдан бастап көрме аумағында ұйымдастырушы кеңсе ғимаратында Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмысын бастайды»,-деді Мұсақанов.

Оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО аумағында полиция бөлімі, сондай-ақ сол ауданда өрт сөндіру депосы құрылды. Бұдан бөлек, Астана әуежайы мен жаңа теміржол вокзалында желілік полиция бөлімі жұмысын бастады. Жалпы, көрме басталға кезде қоғамдық тәртіпті сақтауға бес мыңнан астам ішкі істер органдарының қызметкері жұмылдырылады. Осы ретте құрылымдардың барлығы қауіпсіздікті сақтау мен тексеру жүргізу тұрғысында, сондай-ақ ағылшын тілінен арнайы оқу курсынан өтті. Бұған қоса, Астана ІІД-нің шет тілін жетік білетін 200 қызметкері іріктеліп, әрбір ЭКСПО нысанына бекітілді. Белгілі болғандай, Астана ТЖД-нің жүзге жуық қызметкері, 11 арнайы техника мен 5 тікұшақ төтенше жағдайларды ескерту мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы топтың құрамында жасақталды.

«Биылғы 1 маусыман бастап, көрме аяқталғанша ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет тәртібіне көшіріледі»,-деді Т. Мұсақанов.


Соңғы жаңалықтар