Биылғы жылдың үздік футболшысы атағын Роналду, Месси мен Иньеста өзара сарапқа салады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жылдың үздік футболшысы атағын Роналду, Месси мен Иньеста өзара сарапқа салады

Биылғы жылдың үздік футболшысы атағын Роналду, Месси мен Иньеста өзара сарапқа салады

Ел қызығып қарайтын  қысқы спорт түрлері аз емес. Бірақ  миллиондаған көрерменнің сүйікті спортына айналған биатлон бәрінен озып тұр. Биылғы биатлон додасын  Швециядағы Әлем кубогы жолындағы жарыстар ашып берді. Жаңа маусым шымылдығы түрілген алғашқы жарыс күні  биатлоншылар аралас эстафетадан сынға түсті.

  • 1 Желтоқсан 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Өздеріңіз  білетіндей  бұл бәсекеде Ресей құрамасы үздік шықты. Жекелей сыннан өткен ерлер арасындағы сайыста, Әлем кубогының былтырғы жеңімпазы Мартин Фуркад ерледі. 20 шақырымдық жарыс жолында шапшаңдық пен қоса нысана көздеуден де жақсы нәтиже көрсеткен француз  бірінші орынды иеленді. 15 шақырымға жарысқан әйелдер арасындағы жеке жарыста Норвегия құрамасының лидері Тура Бергер топ жарды. Нысана көздеуде абсолюттік нәтиже көрсеткен Тура скандинавиялық спортшыға 1 минут 3 секунд ұтылған беларусь қызы Дарья Домрачева екінші, ал ресейлік жас биатлоншы Екатерина Глазырина үшінші орынға табан тіреді. Осы сынға қатысқан  Қазақстан құрамасының мүшелері сылбырлық танытты. Марина Лебедева 70-ші, Алина Райкова 71-ші, ал Дарья Усанова 89 орынды місе қылды.

Армения астанасы Ереванда бокстан жастар арасында әлемнің кезекті  чемпионаты басталды.  Ереван шаршы алаңында 70 мемлекеттен ұзын-саны 367 үміткер өзара қолғап түйістіруде. Алғашқы жарыс күні шаршы алаңға көтерілген үш боксшымыздың екеуі жеңіске жетті.

Аса жеңіл салмақтағы саңлағымыз Әділет Құрметов 16:11 есебімен түрік Мухаммет Унлудан мерейін асырса,  56 келі  тартатын Әділбек Әділжан 15:13 есебімен француз Элиас Фрианы ұтты. 64 келідегі мықтымыз Абылайхан Әлиханов  екі ұпай айырмашылығымен украиналық  Хазар Әлиевке жол берді. Бүгін тағы үш боксшымыз өз өнерлерін ортаға салады. 60 келідегі үмітіміз Тимур Пірназаров филиппиндік Эумир Марсиалды сынаққа алса,  қалған екі боксшымызға соқыр жеребе ресейлік боксшыларды тап қылыпты. 81 келіде  өнер көрсететін  Дінислам Әбдешов  Андрей Стоцкиймен , ал 91 келідегі Айбек Ерметов тағы бір ресейлік дүлдүл Ыдрыс Шахмановпен кездеседі.


Криштиану Роналду, Лионель Месси және Андреас Иньеста биылғы жылдың үздік футболшысы атағын өзара сарапқа салмақ. Халықаралық футбол қауымдасты 50-ге тарта үміткерлердің арасынан осы үштікті таңдапты.

“Алтын доп” иегерін 2013-ші жылдың 7-ші қаңтары күні  білетін боламыз. Әлемнің үздік футболшысын анықтауға ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен команда капитандары және  беделді спорт басылымдары  дауыс бере алады.  Естеріңізге сала кетсек, бұл мәртебелі атаққа үш жыл қатарынан Лионель Месси лайық деп саналыған болатын. Халықаралық қауымдастық футболшылардан бөлек үздік үш бапкерді де іріктеді. Олар “Реал” жаттықтырушысы Жозе Моуринью, Испания құрамасының бас бапкері Висенте Дель Боске және “Барселонаның” экс-жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола.