Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі — Мереке. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы, — деп жазды Ерболат Ержанбаев.
Көпшілік мұны түсінбей жатыр. Өйткені ол Шаһизадамен түскен суреттерін де өшірмеген. Ол қатынасы туралы ашып ештеңе айтпаған.
"Әйелің бала-шағаң бар екені енді есіңе түсті ме?", "Ойнап болса да олай жасауға болмайды", "Шаһизада қуып жіберді ме?", "Не болса да Шаһизаданың арқасында танып қалдық", "Хайпажор", "Бәсе, сенбеп едім", — деген пікірлер көп.
Әзірге Шаһизаданың өзі бұл туралы ештеңе айтқан жоқ. Бұған дейін ол үшінші күйеуімен Түркияда үш ай тұрып ажырасып кеткен болатын.