Біз бүған дейінгі үкімет қабылдаған бағдарламалық шешімдерді нақты жүзеге асыруымыз керек - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз бүған дейінгі үкімет қабылдаған бағдарламалық шешімдерді нақты жүзеге асыруымыз керек - ҚР үкімет басшысы

Біз бүған дейінгі үкімет қабылдаған бағдарламалық шешімдерді нақты жүзеге асыруымыз керек - ҚР үкімет басшысы

"Біз бүған дейінгі үкімет қабылдаған бағдарламалық шешімдерді нақты жүзеге асыруымыз керек",- деп мәлімдеді бүгін , 17-маусымда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов.

  • 17 Маусым 2003
  • 610
Фото - Caravan.kz

«Жаңа үкімет Елбасының сенім үдесінен шыға біледі деп сенемін»,- деді үкімет басшысы. Осы орайда «Елбасы екеуіміз бір-бірімізді көптен бері білеміз»,- дей

келіп ол «Қазақстанда тұрақты даму процессі әлі де кемеліне келген жоқ » ,-деп пайымдайтынын жеткізді. Д.Ахметов осыған байланысты Қазақстандағы Ішкі жалпы Өнім 10 процентті құрап, тұрақты экономикалық даму белең алғанына қарамастан үкімет мүшелерін тоқмейілсімеуге шақырды.
«Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық даму қатар жүрген жағдайда ғана мемлекет тұрақты даму сатысына ден қояды»,- деп санайды үкімет басшысы. Премьер-министрдің пайымдауынша, аталмыш үш саланың үйлесімді дамуы ғана тұрақты дамуды паш етеді . Сол себепті «бірінші кезекте индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ, агроазық-түлік, кедейлікпен күрес және Каспий қайраңын игеру бағдарламаларын қысқа мерзімде жүзеге асыру керек»,- деді үкімет басшысы. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына ерекше тоқталған премьер-министр «стратегияның жобасы жасалып, базалық институттардың құрылғанын» атап көрсетті. Сондай-ақ ол Елбасының нақты экономикалық секторды жандандыруға баса назар аударғанын тағы да бір ескертіп өтті.
Осы орайда аграрлық сектордағы басты жұмыс бағдары Жер Кодексі болатынын, оған қатысты мәселенін жуық арада шешілетініне сенім білдірді. Үкімет басшысы осыған орай үкімет мүшелерін парламентпен қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды. «Парламент пен үкіметтің міндет-мүддесі ортақ, бірақ оған жету әдістері мен формасы әртүрлі»,- деді ол.
Үкімет басшысының пайымдауынша, «сабақтастық пен жас күш-жігердің қоспасынан құралған» жаңа министрлер кабинеті алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға жағдай жасай алады.

Соңғы жаңалықтар