"Біз ешкімге де тәуелді болмауыз керек" - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біз ешкімге де тәуелді болмауыз керек" - республикалық басылымдарға шолу

"Біз ешкімге де тәуелді болмауыз керек" - республикалық басылымдарға шолу

Елімізде «Халықтық ІРО» бағ­дар­ла­масы бойынша ұсы­нылатын қолжетімді акцияларды ха­лық­қа сату үдерісі бас­талып кетті. Алғашқы болып «ҚазТранс­Ойл» компаниясы өз акция­ла­рын аламын деген ха­лық­қа «Қаз­пошта» АҚ бөлім­ше­лері ар­қылы сатуды жүзеге асыруда. Осы жайт арқау болған мақала ел газеті «Егемен Қазақстанда» «Акция алушылар көбейіп келеді» деген тақырыппен берілген. Мәселен, «Самұрық-Қа­зына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуан­дық Бишім­баев Ақмола облысы Шортанды аудандық «Қазпошта» бөлім­шесінде болып осы бағыттағы жұмыстармен танысқан. «Ресімдеудің жалпы уақыты 20 минөттен аспайды. Брокерлік шотты ашып, аталған уақыт ішінде акцияны сатып алуға болады. Бүкіл республика бойынша екі күннің ішінде халықтан 350 миллионнан астам теңгеге өтінімдер түсті. Осы ырғақ сақталса, айдың соңына дейін жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын», - депті ол.

  • 9 Қараша 2012
  • 483
Фото - Caravan.kz


«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында Парламент Мәжілісінің депутаты Оңалсын Жұмабековтің «Біз ешкімге де тәуелді болмауыз керек» деген тақырыппен жарық көрген мақаласында елімізді жанар-жағармаймен қалай қамтамасыз ету керек, импортқа тәуекелден қалай арылуға болады деген сауалдарға жауап ізделген. «Мұнай және газ министрлігі­нің басшылығы Қытайға өңдеу үшін мұнай жеткізудің толлингтік схе­масы туралы мәселенің шешілгендігі туралы ақпарат беріп отыр. Мұндай жағдайда Қазақ­стан, біріншіден, сұраншақтың кебін киетін болады; екіншіден, жанар-жа­ғармай жеткізу мәсе­ле­сін­де Ресейге тәуелді бола оты­рып, ол жа­ғынан Қытайға да тәуелді болады; үшіншіден, валюта немесе сол мұнайдың өзімен көп қосымша шығындар шыға­рады. «РомПетрол» өңдеген жанар-жағармайды әкелген арзанға түс­пей ме? Біз өзімізді өзіміз тығы­рыққа тіреп отырмыз, өйткені, жанар-жағармайды, әсіресе, бензинді және авиакеросинді импорт­тағаннан басқа, толлингке жүгі­ну­ге мәжбүр болудамыз», — дейді халық қалаулысы өз мақаласында.

***

«Айқын» газетінің жазуынша, сүт безінің рагы — онкологиялық сырқаттардың ішінде көп таралған түрі. Елімізде сүт безі рагының алдын алу мақсатында 5 жыл бұрын маммографиялық скрининг бағдарламасы енгізілген. Скринингтік тексеру еуропалық стандарттар бойынша жүргізілмек. Осыған байланысты Италияның жергілікті мамандарымен онкология және радиология саласының мамандары алдын алу скринингтік зерттеу біліктілігін арттыру үшін шеберлік дәрістерін өткізуде. «Қатерлі ісіктен қауіп көп» деген тақырыппен берілген мақалада соңғы он жылда, елімізде онко­логия­лық сырқаттар ішінде сүт безі рагы бірінші орынға шыққандығы, жүз мың адамның 20-дан астамынан осы сырқат белгісі табылғандығы жайында айтылған.

***

Қазақстан жанкүйерлерінің ең сүйікті спортшыларының біріне айналған теннисші Ярослава Шведова өз жеңістермен қуантуын жалғастыра түсуде. Бүгінде біздің спортшы дәреже белгіленетін әлемдік тізбеде 28-ші орынға көтерілді. Ол мұндай жетістіктерге қалай жетті, алдағы жылы қандай жоспарлар түзу үстінде екендігін «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында кеңінен баяндаған. Екеуара әңгіме тақырыбы — «Ярослава Шведова: Казахстан — мой дом!».

***

Максим Галкиннен айнымайтын өскемендік азамат Мәскеуде өткен Кристина Орбакайтенің концертінде Алла Пугачевамен жүздесіпті. «Экспресс К» газетінің жазуынша, ол өзінің Максимге ұқсастығымен Примадоннаны таң қалдырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде ет сатумен айналысатын 24 жастағы Андрей Аксютов ресейлік сықақшы әрі әншінің күйеуі Максим Галкинге қатты ұқсайды. Сондықтан да жас жігіт мұны тағдырдың берген сыйына бағалап, Пугачевамен қалайда жүздесуді алдына мақсат етіп қойған. Толығырақ «Алкин Галкин» деген тақырыптағы мақаладан біле аласыздар.

Соңғы жаңалықтар