Біз, Еуропалық одақ-Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын зерттеуді 4 жыл бұрын бастадық - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз, Еуропалық одақ-Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын зерттеуді 4 жыл бұрын бастадық

Біз, Еуропалық одақ-Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын зерттеуді 4 жыл бұрын бастадық

Роза Люксембург қорының биыл Орталық Азияда жүзеге асырып жатқан жобаларының екеуі Қазақстанда, біреуі Тәжікстанда. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістері және заманауи әлем» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз болды.

  • 14 Қараша 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Роза Люксембург қорының Орталық Азия елдерінде өкілдігі жоқ. Біз бұл аймақпен өз жұмысымызды Берлинде жүргіземіз. Біз Германиядағы өзге ірі қорлармен бірге бұл шағын ұйымның да өз қаржысымен Орталық Азиядағы білім берудегі саяси өміріне атсалысып жатқанымызға қуаныштымыз. Бұл менің Алматыға жасалған тұңғыш сапарым болып отыр», — дейді Роза Люксембург қорының Шығыс, Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері бөлімінің жетекшісі Иво Георгиев. Оның айтуынша, құрамы 3,5 мың адамнан тұратын бұл бөлімнің аппараты қордың 100-ден астам білім беру жобаларын әкімшілендірумен айналысады. Белградта, Варшавада, Мәскеуде өз филиалдары бар қордың Орталық Азияда, әсіресе Қазақстанда өз өкілдігінің болмауы бұл аймақтың маңызын бағаламайды дегенді білдірмейді.

«Германия 5 жыл бұрын Еуропалық одақтың Орталық Азия стратегиясы бастамасын көтерді. Енді оның қорытындысын шығаратын уақыт болды. Мен бұл конференцияда стратегия қалай жұмыс жасады, неге қол жетті, неге қол жетпеді деген сауалдарға жауап іздеп келдім», — дейді И.Георгиев.

Соңғы жаңалықтар