"Біз гей-қосымша арқылы танысқанбыз": Екі қазақ жігіті өздерінің "Гей" екендерін мәлім етті (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біз гей-қосымша арқылы танысқанбыз": Екі қазақ жігіті өздерінің "Гей" екендерін мәлім етті (Видео)

"Біз гей-қосымша арқылы танысқанбыз": Екі қазақ жігіті өздерінің "Гей" екендерін мәлім етті (Видео)

Жігіт пен жігіттің кездесуі қазақ қоғамы үшін өте жат нәрсе. Бірақ соңғы кездері батысқа еліктеген жастарымыздың осы жат қылықтары өршіп бара жатқан секілді.

  • 24 Маусым 2020
  • 11045
Фото - Caravan.kz

Соның бір көрінісі — бір-біріне ғашық қос қазақ жігітінің оқиғасы.

Бұл оқиға туралы жігіттердің бірі Бекзат Мұқашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Ол өздері секілді өзгеше жұптарға Қазақстанда қандай қиын екенін Liter.kz-ке берген сұхбатында айтқан.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ernur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз екеуміз гей-қосымша арқылы танысқанбыз. Ол жерде бірінші маған Бекзат жазды. Кейін екеуміз бір-бірімізге жазып, көп араласып кеттік. Бекзат екеуміз алғаш рет бетпе-бет 2019 жылдың қыркүйегінде кофейняда кездестік. Содан кейін бір-бірімізден ажырамадық. Екеуміз жасырынып менің жалдамалы пәтерімде кездесіп жүрдік. Бекзаттың ата-анасы оның өзгеше көзқарасы туралы үйленгеннен кейін біліп қойды. Енді екеумізді кездестірмейді. Күштеп ұстап отыр. Оны да, мені де ұрып-соқты", — дейді жігіттердің екіншісі Арман Хассанов.

Айтуынша, Бекзат ата-анасының айтуымен үйленуге мәжбүр болған. Алайда көп ұзамай ажырасуға бел буып, бар сырын қарындасынына айтқан. Ол туралы қарындасының жолдасы естіген. Кейін ата-анасы білген. Әкесі ұлын ессіз күйге түскенше ұрып-соғып, кейін қамап ұстайтын болған.

"Бекзаттың ата-анасы оны ақыл-есі кем, басында ақауы бар, сол себепті де оның ойы өзгеріп "гей" болып кетті дейді. Тіпті ішіне "жын" кірген деп молдаға да оқытқан. Бірақ молда Бекзаттың дені дұрыс екенін айтқан Кейін психологқа көрсетті. Ол да баланы солай қабылдамасаңыз, дұрыс болмайды деп кеңес береді", — дейді Арман Хассанов.

Ал Бекзаттың өзі желі арқылы ата-анасына үндеу жолдап, елге өзінің гей екенін мәлімдеген.


"Мен осы уақытқа дейін сіздердің айтқандарыңызды істедім. Үйлендім де, ота да жасаттым. Сіздер менен бас тарттыңыздар. Енді неге мазалайсыздар? Мен өз таңдауымды, сіздер өз таңдауларыңызды жасадыңыздар", — дейді Бекзат видеода.

Арман мен Бекзат көптің көзінде ашық кездеспейді.

"Біз бірге қыдырамыз, бірақ қол ұстасып жүрмейміз. Себебі жасырынуға мәжбүрміз. Бізді ешкім қабылдамайды. Бәрі қарсы. Жақындарымыздың өзінен тығылып жүреміз. Бекзат гидроцефалия ауруымен ауыратындықтан оған ата-анасы ота жасатты. Мұның сол аурумен байланысты екенін айтты", — дейді Арман.

Сұхбат соңында Арман Хассанов ғашығы Бекзаттың ата-анасынан өздерін жайына қалдырып, бірге болуға мүмкіндік беруін сұраған. Сондай-ақ өздеріне өзгеше қарайтын елден ертерек өзге елге кету ойлары бар екенін де айтқан.

 

Соңғы жаңалықтар