"Біз халық үшін жұмыс жасап жатырмыз": Референдум жайлы бастама көтерген белсенділердің көздегені не? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біз халық үшін жұмыс жасап жатырмыз": Референдум жайлы бастама көтерген белсенділердің көздегені не?

"Біз халық үшін жұмыс жасап жатырмыз": Референдум жайлы бастама көтерген белсенділердің көздегені не?

Бүгін, 22 қазан күні Алматы қаласында адам құқықтары жөніндегі халықаралық Бюросында республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ баспасөз конференциясын өткізді.

  • 22 Қазан 2019
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл жиынға бастамашыл топ жетекшісі Нұрлан Есқалиев, азаматтық коалициясының өкілі Батыр Адайбаев, заңгер Азамат Төлеуов пен биыл маусым айында өткен кезектен тыс президент сайлауын бақылаған Ақмарал Қамбарқызы қатысты.

Бұл пресс конференция кезінде республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамшыл топтың жетекшісі Нұрлан Есқалиев Caravan.kz медиа порталы тілшісінің бірнеше сұрақтарына жауап берді.

— Референдумның бастамашыл тобын кім қаржыландырады?

Қаржы біздің жасап қойған нұсқауымыз бойынша. Жалпы, қаржыны әрбір өңір өзі табуы керек. Бірінші, әрбір адам өзінің 20-30 мың ақшасын осы іске қиюы керек. Агитация, сайт барлығына өзіміздің ақшамыз кетіп жатыр, бізді ешкім қаржыландырып жатқан жоқ. Астанада белсенділер бар солардың ақшасынан жасап жатырмыз барлығын. Залды жалдауға тапсырыс беріп жатырмыз, оның барлығына енді өзіміз ақшамыз кетіп жатыр. Халық үшін жасап жатқандықтан, ақшаны аямаймыз ғой. Ал енді әрбір өңірлерде әр азамат, азаматша өз ақшасына келуге тырысу керек. Ал егерде ақша табылмай жатқан жағдайда сол өңірден кәсіпкерлерді табу керек. Егерде кәсіпкерлер де табылмай жатқан кезде, онда бізге штабқа хабарласу керек. Бізге, штабқа хабарласса, өз қаржымыз беретін боламыз.

— Сіз Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық саяси шараны өткізуге қалай рұқсат алдыңыз, өйткені елордада осындай іс-шаралар бұғатталған болатын.

— Рұқсат алдық деп айта алмаймын. Өйткені біз әлі заңды түрде тіркелген жоқпыз. Әр аймақтан адамдар жинап жатырмыз. Батыс жақтан адамдар жеткілікті, енді Солтүстік облыстары жағы ғана қиындау болып тұр.


Біз барлық құжаттарымызды, құрамымыздағы адамдарды жинап, ЦКА-ға тапсырамыз, ол жақтағылар құптаса, президентке жолданатын болады.

Біздің бастамамыз, біз бұны өзіміз үшін жасап жатқан жоқпыз. Біздің жасап жатқан жұмысымыз халық үшін, ел үшін ғой. Егерде біздің осы қойған мақсаттарымыз Референдум жағынан болсын, басқа жағынан болсын шешімін тапса, біз құба-құп дейміз. Халықтық референдум – нағыз заң бойынша жасап жатырмыз.

Ең басты мәселе референдумды жасап жіберсек, ана жақта мәжілісмендерді де тоқтатады.

Нұрлан Есқалиев Caravan.kz медиа-порталы тілшісінің Әміржан Қосановқа қатысты сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

— Президент сайлауы кезінде сіз Ә.Қосановтың штабынан байқаушы ретінде сайлау науқанына қатыстыңыз ба? "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігіне қатысыңыз бар ма?

— Ә.Қосановқа қатысты сұраққа жауап бермеймін.