Біз мемлекет қаражатына нысандар салып, оны кейіннен бизнеске бере салуды тоқтатуға тиіспіз - Н. Сабильянов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз мемлекет қаражатына нысандар салып, оны кейіннен бизнеске бере салуды тоқтатуға тиіспіз - Н. Сабильянов

Біз мемлекет қаражатына нысандар салып, оны кейіннен бизнеске бере салуды тоқтатуға тиіспіз - Н. Сабильянов

 Арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы қандай да бір компанияның жарғылық капиталына өтпеуі керек, ол мемлекеттің қарауында қалуы тиіс.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов осы мәселені көтерді. 

Еске салайық, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Айта кетерлігі, заң жобасына байланысты арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекет қаражатына салынған инфрақұрылымды басқарушы компанияның жарғылық қорына беру көзделген. Яғни, басқарушы компания ретінде «KAZNEX INVEST» компаниясына берілмек. «Қазақстандағы 9 арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар мен нысандар салу үшін мемлекеттік бюджеттен 238 млрд теңге қаражат бөлінген екен. Енді осыншама қаражатқа салынған инфрақұрылымды аса белгілі емес бір компанияға бергелі отырмыз. Бұған келіспеймін. Өйткені, мемлекеттің қаражатына салынған нысанды қандай да бір компанияның жарғылық қорына беру деген, — оның ертеңгі күні төмен бағаға сатылып кетуі мүмкін деген сөз», — деп түсіндіреді депутат Нұртай Сабильянов.

Оның айтуына қарағанда, компания арқылы нысандарды белгілі бір адамдар жекешелендіріп те алуы мүмкін. «Бұл — өте оңай жол. Мемлекет 100 пайыз акционер болады деп отыр екен, алайда біз мемлекет елу пайыздан артық акцияны ұстай алмайтындығы туралы заң шығарып та отырмыз. Осылайша, мемлекеттің 100 пайызын қысқартып, ертеңгі күні АЭА инфрақұрылымдары біреудің қолына өтуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды», — деді депутат.


Оның пайымынша, мемлекет қаражатына салынған нысандар арнайы экономикалық аймақтарға, компаниялардың жарғылық қорларына берілмеуі керек. «Сенімді басқаруға немесе жалға беруге болады. Бұл заңда бар. Сосын бұны қарыз ретінде де беруге болады. 238 млрд теңге қарызы бар компания қашанда ойланады. Ал жарғылық капиталына берсек, оны кейін компаниялар арқылы жекелеген адамдар мүддесіне кетуі ықтимал. Мемлекет мүддесі қашанда бірінші кезекте тұруы тиіс. Біз мемлекет қаражатына нысандар салып, оны кейіннен бизнеске бере салуды тоқтатуға тиіспіз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар