"Біз өзін өтейтін затпыз ба": TikTok индустриядағы қазақ блогерлер бүлік шығарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 529.65
  • 544.64
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біз өзін өтейтін затпыз ба": TikTok индустриядағы қазақ блогерлер бүлік шығарып жатыр

"Біз өзін өтейтін затпыз ба": TikTok индустриядағы қазақ блогерлер бүлік шығарып жатыр

Еліміздің TikTok индустриясындағы продюсерлер мен блогерлер арасында жария дау туындап жатыр. Блогерлер шындықты айтып, резонанс тудырмақшы

  • 17 Қаңтар
  • 4
Azattyq Ruhy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы екі ірі BIP және Yola house тиктокерлер ұйымы ағайынды егіздер Азат пен Асхат Халимов және  Бексұлтан Қазыбектің иелігіне жатады-мыс.

Bip House тиктокерлер үйі 2020 жылдың шілдесінде Алматыда құрылған. Оны құру идеясын Таир Әлиев ойлап тапқан, оны Асхат Халимов қолдап, еліміздегі алғашқы TikTok house-тың жұмысы басталады.

2021 жылы тиктокерлер тұрып, контент түсіретін үй  Бексұлтан Қазыбек бастаған JKS Entertainment құрамына кіреді. Тикток хаустың бастапқы құрамында Таир Қалиев, Салижан Әбдібеков, Олжас Құрбанов, Вайпнот, Дәулет Абдулов, Әзиза Сәрсенова, Айбек Қонысбаев, Луна Гизатуллаевалар болған. Екі жыл ішінде жобаға шамамен 15 блогер қатысқан.

Қазір Bip House тиктокерлер үйімен келісімшартын бұзған немесе келісімшартының мерзімі өткен блогерлер әлеуметтік желіде шындықты ашық айтып жатыр. Солардың бірі — Гүлзана Талғат. 

«Bip House-тағы жұмыс қандай болғанын және қандай істер жасалатынын менің айтуға құқығым болмады. Себебі, келісімшарттағы дүниелерді құпияда сақтайтын келісімнің уақыты өтпеген. Келісімшарт 2 жылға созылды. Ол аяқталса да, өкпе әлі күнге дейін сақталып отыр. Мен әділетсіздік жайлы айтқым келеді. Бексұлтан Қазыбек бұл тикток хаустың негізін қалаған емес. Таир екеуіміздің жобадан кетуімізге себеп бар. Жарнама берушілер төлеген ақшадан бір бөлігін ғана бізге беріп тұрған екен. Мен тикток хаустан кету үшін өзімді өтеп алу мақсатында жарнамаларды ала бастадым. Сол кезде Бексұлтаннан нақты жарнамаға төленетін соманың шотын сұрағанда, дөрекі жауап берді.  Ол үшін әлі күнге дейін кешірім сұраған жоқ», — дейді Гүлзана Талғат.

Оның айтуынша, қазір Бексұлтан Қазыбек сұхбаттарының бәрінде өзін жақсы продюсер етіп көрсетіп жүр. Гүлзана Талғат бұл қатты қынжылтады дейді.

«Продюсер ретінде ол тиктокерлердің жанына отырып, жеке парақшаларына контент түсіруді бірге талқылаймыз деп айтып жүр. Бірақ, біз не түсірерімізді білмей, таңғы 5-ке дейін ұйықтамайтын едік. Тиктокта контентіміз қатты таралып, бізге хейт жауған кезде де ол біздің жанымыздан табылмады. Тек сараң ккәсіпкерлер сияқты өз мүддесін ойлады», — дейді ол.

Гүлзана Талғаттың әлеуметтік желідегі видеоларын көрген Бексұлтан Қазыбек оны сотқа беретінін айтыпты. Ал Bip House-пен келісімшарт жасамаған блогерлерден продюсерлер жобадан кету үшін 2 млн теңге ақша сұраған.

«Біздің есебімізден ақша жасаған кәсіпкерлер, әрине, бізге аз төледі. Тикток үйден кетер кезде біздің бір тиын ақшамыз болмады. Бірақ ол жерде болған әрекеттерге шыдамадық. Байып, шалқып кетпедік. Келісімшарты болған Гүлзана сияқты блогерлер өзін өтеу үшін жұмыс істеп кеткен. Сонда біз өзін өтейтін затпыз ба? Бірақ бұл әрекетім үшін ешқашан өкінген емеспін», — дейді Азиза.

Ал Bip House-тың бұрынғы мүшесі Таир Қалиев Азат, Асхат және Бексұлтан сынды продюсерлер жобаның бұрынғы және қазіргі қатысушыларына қоқан-лоқы көрсеткенін айтады.

Осы орайда Bip House-тан зәбір көрген қатысушылар бірігіп, подкаст түсіруді жоспарлап отыр. Ал тикток хаустың продюсері Бексұлтан Қазыбек әлеуметтік желісіне жазған пікірлерді бірден жойып жатыр. Соған қарағанда еліміздің Tiktok индустриясындағы дау ұзаққа созылатын сияқты.