Біз Қазақстан Республикасында Монако Князьдігі Құрметті консулдығының ашылғанын жоғары бағалаймыз - Монако Князі ІІ Альбер - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз Қазақстан Республикасында Монако Князьдігі Құрметті консулдығының ашылғанын жоғары бағалаймыз - Монако Князі ІІ Альбер

Біз Қазақстан Республикасында Монако Князьдігі Құрметті консулдығының ашылғанын жоғары бағалаймыз - Монако Князі ІІ Альбер

- Біз Қазақстан Республикасында Монако Князьдігінің Құрметті консулдығының ашылғанын жоғары бағалаймыз, өйткені мұндай қадам біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастардың даму тарихы үшін айтулы оқиға.

  • 4 Қараша 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz

Әрине, бұған дейін де бізде толыққанды дипломатиялық әріптестік болған, бірақ осы консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастың одан сайын беки түсуіне себеп болады. Өйткені Құрметті консул екеуара әріптестік пен экономикалық салаларда анағұрлым жемісті қызмет атқара алады деп сенемін.

Бұл туралы ҚР-да Монако Князьдігінің Құрметті консулдығының ашылу салтанатында журналистерге сұхбат берген Монако Князі ІІ Альбер айтты.

«Менің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен әңгіме барысында байқағанымдай, Қазақстанның экономикалық, мәдени және табиғатты қорғау салаларындағы даму перспективалары тым үлкен. Сонымен қатар, екі елдің мүддесіне қызмет ететін басқа да екіжақты әріптестік қатынастардың болатындығын жоққа шығармаймыз», — деді Монако Князі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-дағы Монако Князьдігінің Құрметті консулдығының ашылу салтанатына Монако Князі ІІ Альбер, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және дипломатиялық миссия жетекшілері қатысты.