Біз Қазақстанның тәжірибесі негізінде жұмыс істейміз - Қытайдың ұлттық үйлестірушісі Ц.Яньчи - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз Қазақстанның тәжірибесі негізінде жұмыс істейміз - Қытайдың ұлттық үйлестірушісі Ц.Яньчи

Біз Қазақстанның тәжірибесі негізінде жұмыс істейміз - Қытайдың ұлттық үйлестірушісі Ц.Яньчи

Шанхай ынтымақтастық ұйымына кейінгі төрағалығы барысында біз Қазақстанның тәжірибесі негізінде жұмыс істейтін боламыз. Бүгін журналистерге сұхбат берген Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қытайдың ұлттық үйлестірушісі Цзи Яньчи осылай айтты.

  • 13 Маусым 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz


Меніңше, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы барысында Қазақстан біраз жетістіктерге жетті. «Қазақстан ұйымның дамуына үлкен үлес қосып, оның ынтымақтастығын күшейтуге қызмет етті. Ұйым аясында қолға алынған бағдарламалардың арқасында аймақтық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып, біздің көркейіп-өсуімізге қажетті жағдай жасалды. Осы үшін біз Қазақстанға өз ризашылығымызды білдіреміз», — деді Ц.Яньчи. Осы орайда келесі төрағалық қызметі Қытай Халық Республикасына көшетіндігіне тоқталған Цзи Яньчи: «Қазақстаннан кейін ұйымға төрағалық ететін Қытай Халық Республикасы осы елдің салып кеткен тәжірибесі негізінде жұмыс жасап, Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытуға барынша күш салатын болады. Ол үшін біз нақты бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын ұсынамыз», — деп атап көрсетті Қытайдың ұлттық үйлестірушісі.

Соңғы жаңалықтар