Мекеменің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған отырыста еліміздің мәдени-ақпараттық саласының мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан — жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі міндеттері талқыланды.
Алқа мәжілісінің жұмысына Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары, президент әкімшілігі мен премьер-министр кеңсесінің жауапты қызметкерлері, министрлікке қарасты ұйымдардың басшылары, министрліктің қызметкерлері қатысты.
«Елбасы айтқандай, дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты мен басты мағынасы да осында деп санаймын. Біз қызмет ететін саланың ерекшелігі — Қазақстанның мәдени байлығы мен бабаларымыздың қалдырған мұрасы өте сирек топтастыру әлеуетіне ие екендігінде. Шығармашылық үдерісті ынталандырып, жаңа мәдени-ақпараттық жобаларды жасай отырып, біз қазақстандықтарды алға қойылған кез-келген үстеме міндеттерді шешуге жұмылдыра аламыз», — деді министр өз сөзінде.
Мемлекет басшылығының, депутаттық корпустың қолдау көрсетуінің арқасында мәдени-ақпараттық саланы қаржыландыру аса қысқармағанын ерекше атап өтті.
М. Құл-Мұхаммед мемлекет басшысы қойған міндеттердің аясында министрлік қызметінің маңызды бағыттары ретінде мәдениет және ақпарат саласын одан әрі дамыту, ақпараттық жұмыстың және БАҚ-қа әдістемелік көмек көрсетудің сапасын арттыру, тіл саясатын жетілдіру, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылды нығайту, республикалық ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысын үйлестіру және т.б. атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.