Жарияланды: 330

Біз үйретейік деп емес, сіздердің пікірлеріңізді тыңдайық деп келдік - Қуаныш Сұлтанов

Біздің басты мақсатымыз - «Қазақстан-2050» стратегиясының кейбір бағыттарын қалай жүзеге асыратынымыз жөнінде пікір алмасу.

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов бүгін Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы ұлтық өнер академиясында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесуде осылай айтты. «Біз бір нәрсе айтайық, үйретейік деп емес, сіздерді естиік, пікірлеріңізді тыңдайық деп келдік. Жолдауды бәріңіз теледидардан көріп, радиодан естіп, газеттен оқып жүрсіздер. Жолдау Конституция бойынша халықтың ортақ мүддесін білдіреді», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанұлы. Оның пайымдауынша, мемлекеттік тілді меңгеруге қоғамды кінәлауға болмайды. Кеңестік дәуірде өмірге келген аға буынның бәрі орыс тілінде оқып, жоғары білім алды. Алайда ол қазақ тілін меңгеруге кедергі бола алмады. Өз тілін құрметтеп, өзге тілдерді де шебер меңгеріп алған адамдардың ісі өзгелерге үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан мемлекеттік тілді үйрену үшін ең алдымен ниет керек. Ұлттық сана қалыптаспай, ұлттық тіл дамымайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін