Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты - Н.Назарбаев

Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты - Н.Назарбаев

1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұлдыз жарқырады. Бұл туралы бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 746
Фото - Caravan.kz

«Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды «Ұлы дала» елінің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыркешті таңдар болады.   Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұлдыз жарқырап тұрды. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті», — деді Елбасы.

ҚР Президенті өз сөзінде адам баласы сияқты мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағадан аттайтындығын айтты.


«Біріншісі — жарық дүниенің есігін ашу. Екіншісі — ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де қайталанбас қастерлі мезеттер. Бұл — Әбу Насыр әл-Фарабидің орамды айтып кеткен сөзі, өнегелі өсиеті. Биыл, міне, осынау рухы асқақ, тұғыры биік төл  мемлекетімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар