Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
"Әсіресе стационарларды оңтайландыру жайлы айтып жатырмыз. Бізде аурухана тым көп екенін айтқымыз келеді. Жататын орын көп, аурухана тым көп. Ауруханаларды оңтайландыру әкімшілік шығындарымызды айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді", — деді Біртанов.
Ол профильдік емес медициналық ұйымдардың, экономикалық блоктағы емхана басшылығының жалақысы дәрігерлердің табысынан көп деген мәлімдеме жасады.
"Мұнда үлкен қор бар. (…) Жалпы алғанда жалақы өсіп жатқанын байқап отырмыз. Барлық дерлік мемұйымдарда кімнің қанша табыс алатыны жайлы мәліметті алдық. 2018 жылдағы орташа жалақы — 142 мың теңге", — деді министр.