Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, “Балапан” еліміздегі балаларға арналған жалғыз телеарна, сондықтан оны қолдау қажет, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Нәтижесінде аталған ақшаға қандай жоба жасалатынын көру үшін комитет ҚазМедиа орталығына барды. “Қазақстан” РТРК басшылығы мен шығармашылық топ жобаларды көрсетіп жоспарларын айтты.
“Балапан” телеарнасы мен оған контент жасайтын компания өкілдеріне бірнеше ұсыныстар айтылды:
-Мультфильм қоғамдағы кеселдерді балаларға жеңіл жеткізуі шарт. Киберқауіпсіздік, үйде жалғыз қалғанда төтенше жағдай орын алса әрекет ету қағидалары, бөтен адамдардан алыс жүру, суицидке бастайтын қауіпті ойындардан сақтану, балаларды аулада, таза ауада ойнауға үгіттеу т.б. керек;
-Балалардың мінез-құлқын түзеуге, тілінің ерте дұрыс шығуына арналған контенттер жасау қажет;
-“Балапанның” контенті 8 жасқа дейінгі балаларға арналған. Сондықтан мектепке баратын балаларды білімге баулитын, әріп пен санды толыққанды игеруге мүмкіндік беретін контент жасау керек;
-Анимацияның сапасын арттыру қажет;
-Тек қана анимацияға иек артпай мультфильмдерді балалардың өздерімен түсіру керек. Шығын аз, ал балаларға ойды жеткізу оңай, әлеуметтік желіде өткізу жеңіл болады (Настя, Аминка т.б. дәлел);
-Жеке компаниялар ұсынған мультфильмдердің кейбірі шетелдік өнімдерге қатты ұқсайды. Көшірмеден аулақ болу керек;
Мультфильмге қажетті басты дүние маркетинг. Шетелдік кез келген балалар контенті шыққанда ол баланы баурайды. Артынша оның лего нұсқасы шығады және ойыншықтары сатылады. Тобот, Леди баг, Маша т.б. соған дәлел.
«Ата-ана болғасын білеміз. Бізде осы маркетинг кемшін түседі. Мультфильм дайындайды да ұмытады. Ал кейіпкерді ойыншыққа айналдырып сату үлкен табыс көзі. Бұл ойымды қабылдады контент дайындайтын мамандар, жуырда нұсқаларын көрерміз», — деді депутат.