«Бізге республиканың түкпір-түкпірінен жас зілтеміршілер келіп жатыр. Өзіңіз көрдіңіз ғой, Лондон Олимпиадасында Алмас Өтешев, Анна Нұрмұхамбетова сынды спортшылар үздік ондыққа еніп, 5-7-інші нәтижелерді көрсетті. Міне, осындай жас спортшылар бір жылдан кейін Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар үшін таласа алады. Сондай-ақ бізде Жазира Жаппарқұл және Ибрагим Берсановтар бар. Олар жастар арасындағы соңғы Әлем чемпионатында алтынмен апталған болатын. Осындай зілтемірші қыз-жігіттер көп. Лондоннан кейін олардың бәрі Әлем чемпионатында, тіпті Олимпиадада да жеңіске жетуге болатындығын әбден түсінді», — дейді А.Ни.