”Біздің қазақтың 80% еркектері дәл осы Әйтенов сияқты қатын ұрғыш, ұрпағын далада қаңғыртқыш” - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Біздің қазақтың 80% еркектері дәл осы Әйтенов сияқты қатын ұрғыш, ұрпағын далада қаңғыртқыш” - Айгүл Орынбек

”Біздің қазақтың 80% еркектері дәл осы Әйтенов сияқты қатын ұрғыш, ұрпағын далада қаңғыртқыш” - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек Марат Әйтеновтің отбасында орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді.

  • 14 Шiлде
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Әйтенов Мараттың іс әрекеті қазақ еркектерінің нағыз бейнесі!

Қылмыстық істі тек Марат Әйтеновке емес, төрт жылдан бері осы істі дұрыс қарамай отырған құзырлыларды да қылмыстық жауапкершілікке тарту керек!

Біздің қазақтың 80% еркектері дәл осы Әйтенов сияқты қатын ұрғыш, ұрпағын далада қаңғыртқыш!

“Ойбай өз ұлтыңа күйе жақпа, біз батырлардың ұрпағымыз бла-бла”,- деген әңгімелеріңді бір жерлеріңе тығып қойыңдар!

Жылап жүрген қатын мен бала шаға!

Қатын не үшін кәнілі? Сенің балаңды туып, үйде отырып сенің жағдайыңды жасағаны үшін бе?
Ал өзіңнің зәріңнен шыққан балалардың не кінәсі бар?

Ауыр сөз жазғың келмейді, бірақ күнделікті жылап келіп жатқан әйелдердің зарынан жүрегің ауырады.

“Заң үстемдігі” сыбайласқан жүйе де жүрмейді!
Құлқыны тоймаған құзырлылар әсіресе Дананың ісінде, анық қанығын дұрыс анықтамаған судьяның үстүнен қылмыстық іс ашу керек!
Дананы бұл үйден көшіру керек деп шешім шығарған судяның іс әрекетіне Жоғарғы Сот жауап берсін!

Әйтпесе Әйтеновтың әйелі Бас Прокуратурадан бастап, Президент әкімшілігіне дейін шырылдап жүгірді!

Жоғарғы Сот алдында пикетке шықты.

Марат Әйтновтың бүкіл заңсыз былығын ашық айтты! Тіпті құжаттармен дәлелдеп берді.

Бірде біреу назарға алмады!

Бұл жүйе де Әйтенов сияқтыларды құтыртып отырған біздің осал заңдар мен сыбайластық!

“Он мың теңге әлиментті төлемеймін, он мың төлесем ол ақшаға анау қатын да тамақ ішеді деген топас еркектерді де көрдім!
Әйел сатып алған үйді еркекке шығарып берген соттарды да көрдім.

Әйел үйде жұмыс істемей бала бағып отырса, оның еңбегі бағаланбайды!
Әйелдерді құл көреміз!
Еркектің табысы әйел, бала шағаға берілмейді.
Қаншама ажырасқан әйел мемлекеттің мойнында отыр!

Бала жасауды білген еркек, баланы қатынымен қоса бағада білу керек!

Қатыныңмен ажырасасың ба, жүгіңді жинада бәрін балалырың үшін тастап кет!

Түріктің еркектері қатын құмар”, деп сөгесіңдер!

Сол қатын құмар түрік еркектері ажырасатын жағдайда, отбасынан бір чемодан жүгімен ғана кетеді!
Бүкіл дүние мүлкін қатын бала шағасына тастап, тіпті балаларына қарағаны үшін әйелдеріне өтемақы төлеп отырады.

Ал біздікілерше қатын ұрумен, баланы жасап тастаудан рекорд жасап жатырмыз!

Жауакершілігі жоқ, ұрпағын сорлатып тастап кетіп жатқан сорлы еркектер көбейді!”, — деп жазды заңгер.