"Біздің Парламентке де, Жириновский сияқты жай айтып қана қоймай, талап етіп, орындата алатын депутат керек" - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біздің Парламентке де, Жириновский сияқты жай айтып қана қоймай, талап етіп, орындата алатын депутат керек" - Ахметбек Нұрсила

"Біздің Парламентке де, Жириновский сияқты жай айтып қана қоймай, талап етіп, орындата алатын депутат керек" - Ахметбек Нұрсила

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила біздің елге де марқұм ресейлік шенеунік Владимир Жириновский сияқты депутат керек екенін айтты.

  • 10 Маусым
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біздің Парламентте де, дәл осылай вйта алатын, Жириновский сияқты жай айтып қана қоя салмай,талап етіп, орындата алатын депутат керек ақ!!!», — деп ресейлік шенеуніктің видеосын жариялады.

Видеода марқұм депутат «Шокин мырза, барлығың Кремльде жиналып, бізде триллион рублей. Барлық шот, депозит. 99 пайызын алып, мемлекеттік қазынаға салыңдар. Өздеріңе 2 бөлмеден қалдырыңдар, болды. Сендерге жетеді. Айлықтарың 50 мың болуы керек. Сол жеткілікті. Барлық ақшаны қазынаға салыңдар. Ол сендердің ақшаларың емес. Біздің ата-бабамыз зауыттан еңбектеп тапқан ақшалары, оның бір пайдасын да көрмей олар суық жерде жатыр. Барлық ақшаны қазынаға салыңдар», — деген.