"Біздің ел - Жағымпаз, біздің ел - осылай!" Балғынбек Имаштың ұсынған жаңа әнұраны елдің ызасын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біздің ел - Жағымпаз, біздің ел - осылай!" Балғынбек Имаштың ұсынған жаңа әнұраны елдің ызасын келтірді

"Біздің ел - Жағымпаз, біздің ел - осылай!" Балғынбек Имаштың ұсынған жаңа әнұраны елдің ызасын келтірді

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш "Мәжіліс тарайтын болса, тарамай тұрып Мемлекеттік Әнұранның сөзін өзгертіп кетсін" деген ұсынысын жеткізді.

  • 20 Қаңтар 2023
  • 2533
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, "Жаңа Қазақстанның жаңа Әнұраны" деген ол өз нұсқасын желіде жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ақын өз мемлекеті үшін ұялатынын айтады.

"Таңдауға мүмкіндік бермейтін таңдаулар мен Сайлауға мүмкіндік бермейтін сайлаулар шаршатты ма сіздерді?
Сол сайлауларға жұмсалатын Мемлекеттің (халықтың) қаржысын аяймын да.

Мен кейде өз Мемлекетім үшін ұяламын.
Жо-жоқ! Елімді сүйемін! Мемлекетімді мақтан етемін.
Бірақ Мемлекеттік қызметкерлердің қылықтарын көргенде қатты қысылып, кірерге тесік таппаймын", — деген.

Ал, "Жаңа Қазақстанның жаңа Әнұраны" болсын деп ұсынған мәтінін жұрт қызу талқылап жатыр.

"Шендінің — араны аш,

Қазына — даласы,

Шенсізі — жалаңаш,

Еліме қарашы!

Жауынан ықты ма?

Қазағым — мықты ғой.

Кредиттке тықты да,

Мықтыны жықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім! Бөрілерім!
Ертеңіне егілемін, Шығып алған төріңе кім, елім? Аңғал елім менің – Қазақстаным!
Ұятты білмейтін,
Мырзалар, Ханымдар!
Күштіге жүрмейтін, Мүгедек заңың бар.
Президент — Дауылпаз,
Қалғаны — Жақыбай!
Біздің ел — Жағымпаз,
Біздің ел — Осылай!", 

Қайырмасы:
Менің елім, бөрілерім,

Ертеңіне, егілемін,


Ауыз салды кеніңе кім, елім?

Аңғал елім менің – Қазақстаным!", — дейді ақын. 

Желі қолданушыларының жазған пікірлеріне қарап ақынның шенділерге қатысты ойы елдің де ызасын тудырып жіберген сыңайлы деуге болады.