“Біздің мақсатымыз - жастарды қолдау”: Комьюнити орталығының жетекшісі жастарға ұсынылатын қызмет түрлерін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Біздің мақсатымыз - жастарды қолдау”: Комьюнити орталығының жетекшісі жастарға ұсынылатын қызмет түрлерін айтты

“Біздің мақсатымыз - жастарды қолдау”: Комьюнити орталығының жетекшісі жастарға ұсынылатын қызмет түрлерін айтты

Елімізде жастарға психология, заң, қаржы секілді бірнеше сала бойынша көмек қолын ұсынатын комьюнити орталықтар жұмыс істейді.

  • 29 Ақпан
  • 230
Фото - Caravan.kz

Жастардың шығармашылығы мен тұлғалық дамуын қолдайтын бұл орталықтарда көрсетілетін қызметтің барлығы тегін.

Осы ретте Алматы қаласы, Алатау ауданының комьюнитиорталығының жетекшісі Орынбек Молдахан Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында бұл орталықтардың мақсаты мен жоспарын баяндап берді.

Алдымен, өзіңіз төрағалық ететін Алматы қаласы, Алатау аудананының комьюнити орталығының қызметіне, негізгі міндеттеріне, толығырақ тоқталсаңыз.

— Жалпы Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін әр ауданда екіден жалпы 16 жастаркомьюнити орталығын іске қосу жоспарланған, олардың 8-і жұмысын бастады. Қалада жұмыс істеп тұрған барлық комьюнити орталықтардың мақсат-міндеті бір. Ол — ел болашағы жастарды жан-жақты қолдау.

Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістікті құрайды. Мұнда жастарды қолдау үшін қажеттінің бәрі біржерде жинақталған деуге болады. Олар: әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, оқу да оқымайтын, жұмыс та істемейтін NEET санатындағы жастарды қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру. Қалада жұмыс істеп тұрған барлық комьюнити орталықтардың мақсат-міндеті бір. 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға комьюнити орталықтардың есігі әрдайым ашық.

Білуімізше, комьюнити орталықтарының негізгі бағыттарының ішінде жастарға психологиялық көмек беру, қаржылық және құқықтық сауаттылыққа үйрету де секілді маңызды әрі трендтегі тақырыптар да бар. Жастар арасында аталмыш салалар ерекше сұранысқа ие екені де баршамызға мәлім. Ал, Алатау ауданында бұл бағыттар бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

— Ия, дұрыс айтасыз замануи комьюнити орталықтар көптеген қызмет түрін көрсетеді. Жастарды қолдау үшін барлық қызмет түрі бар. Атап айтсақ, қысқа мерзімдікурстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту, жұмысқа орналастыру, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, кәсіби бағдар беру, қазақ тілін үйрету курсы, қаржылық сауаттылық, мәдени іс — шаралар өткізу, бизалы, дауыс жазу студиясы. Сонымен қатар заманталабына сай, әлеуметтік желілер, блог жүргізу тақырыптары да қамтылған. Мәселен, Tik Tok бағыты бойынша да орталық мамандары шығармашылылық кеңестер береді.

Бүгінде орталық қызметіне жүгінетін жастар көп пе?

— Жоғарыда айтқанымдай, комьюнити орталықтарда жастардың қызығушылығына қарай барлық жағдай жасалған. Қазір Алматы тұрғындарының шамамен үштен бірі немесе 682 мыңы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Олардың 47 мыңы NEET санатындағы жастар. Біздің орталықтар жастарға көптеген қызмет түрін көрсетеді және барлық қызмет түрі тегін. Комьюнитиорталықтардың ашылғанына көп уақыт болмаса да, қызығушылық танытып, өзін-өзі дамытам дейтін жастар көптеп келіп жатыр.

Жастармен күнделікті етене араласып жүрген жас маман ретінде бүгінгі қазақ жастары бейнесі қандай деген сауалға қалай жауап берер едіңіз?

— Қазіргі қазақ жастарының дені ойын ашық жеткізе алатын, өзіне не керек екенін білетін, білім алуға құштар, өзін жан-жақты дамытқысы келетін, өзгеріске ашық, өмірге құштар жандар деп айтар едім. Өзіміз де жасб олғандықтан оларды барынша түсінуге тырысамыз. Әрдайым қолдап, бағыт-бағдар беріп отырамыз. Біз заман ағымына ілескен, түрлі салада мықты маман болып қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, отанын сүйетін, ел болашағы үшін адал қызмет ететін қазақ жастарымен мақтанамыз.

Жастар ұйымдарына, жастарды қолдау орталықтарына “Аты бар да, заты жоқ” секілді айтылатын сындар өте көп. Бұл туралы не ойлайсыз.

— Біз өз жұмысымызға байланысты айтылған орынды сындарды дұрыс қабылдап, қашан да одан жақсы нәтиже шығаруға тырысамыз. Бірақ жаппай жастар орталықтары, ұйымдары туралы олай айту дұрыс емес секілді. Елдің ертеңі болар жастарды қолдау керегін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде бірнеше мәрте айтты. Қазір бірге даму үшін, ортақ қызығушылықтар мен арман-мақсаттарды бөлісу үшін, болашақтың іргетасын біргеқалау үшін жастардың басын қосатын орталықтың болуы, бір толқындағы жандардың ортақ мүдде аясында біріге алуы өте маңызды. Осы тұрғыдан қаламызда жұмыс істеп жатқан комьюнити орталықтардың жастар саясатына байланысты жүзеге асыратын жобалары өте маңызды. Әсіресе, Алматы секілді мегополис қалаларда жастар қолдауға мұқтаж. Сол себепті жастар орталықтарының қызметін құнсыздандырмау керек.

Сөз соңында ұйымның алға қойған жоспарымен бөліссеңіз.

— Жастар саясатының басты мақсаты – әрбір жас алматылыққа қоғамда өз әлеуетін іске асыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмектесу. Ал комьюнити орталықтар жастарды әлеуметтендірудің маңызды құралы болуға бағытталған. Біздің орталықтың мақсаты – жастарды қызығушылықтарына қарай біріктіре отырып, бойындағы күш жігері мен әлеуетін өзіне, тиісінше қоғамға пайдасын тигізуге бағыттау. Сол себепті биыл жастардың уақытын бос өткізбеу үшін көптеген шаралар өткізу жоспарда бар. Қысқа мерзімді курстар, тілүйірмелері, шеберлік сабақтары және шығармашыл жастарға бөлек шаралар өткіземіз.

Әңгімеңізге рақмет!