Біздің орыстілділер цифр танымайды - Дос Көшім - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біздің орыстілділер цифр танымайды - Дос Көшім

Біздің орыстілділер цифр танымайды - Дос Көшім

Белгілі журналист Дәурен Қуат Фейсбуктегі парақшасына қызықты жазба жариялады. Онда белгілі саясаткер Дос Көшімнің тауып айтқан сөзі келтірілген. Журналистің жазбасын қаз-қалпында ұсынып отырмыз. 

  • 28 Қазан 2016
  • 4086
Фото - Caravan.kz

Өткенде Дос Көшім ағамыз бен бір түрік азаматының арасындағы төмендегідей аз-кем сұхабатқа куә болып едім. Соны, тележурналистердің тілімен айтқанда, сіздермен бөлісейін деп отырмын.
Түрік азаматы:

— Қазақ теңгесінің бетіндегі жазу неге екі тілде? «Бес мың теңге» деген соң оның қасына «Пять тысяч» деп жазудың қаншалықты қажеті бар?

Дос Көшім:

— Қажет. Себебі, біздің орыстілділер цифр танымайды.

Түрік азаматы:

— Көше атауларының екі тілде жазылуы не үшін керек?

Дос Көшім:


— Керек. Себебі, орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді.

                                                                                                                                          Дәурен Қуат