"Біздің "ыбырай" сұмырай болып тұр": Танымал журналист Айнұр Тұрсынбаеваны ұры "мородерге" теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біздің "ыбырай" сұмырай болып тұр": Танымал журналист Айнұр Тұрсынбаеваны ұры "мородерге" теңеді

"Біздің "ыбырай" сұмырай болып тұр": Танымал журналист Айнұр Тұрсынбаеваны ұры "мородерге" теңеді

Айнұр Тұрсынбаеваның ақылы онлайн-сабақтары желіде толассыз болып тұр. Халықта ақша көп немесе халықта ақыл жоқ болғаны ма? 

  • 31 Наурыз 2020
  • 7421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Журналист Арман Сқабылұлы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны "Шынымен айдың нұры ма, әлде, ел тонаған ұры ма?" деп аяусыз сынға алды. 

"Инстаграмды кезіп жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның індетпен күресіп жатқан халықты алдап, ақша жинауын өз басым соғыс кезіндегі "мародерлікпен" салыстырар едім. Ал, ол кезде алаяқ пен ұрыға аяушылық болмаған. Жалғыз Тұрсынбаева емес, Құралай ханым (Ошақбаева), Сара Тоқтамысова, Кәмшат Бекжігітова деген "интернет әулиелердің" осындай жарнамаларынан сөз сүрінеді. Мұндай қиын-қыстау сәтте елдің "ыбырайы" барын халқына беріп жатса, біздің "ыбырай" сұмырай болып халқын тонауда. Өртеніп жатқан үйдің отына шылымдарын тұтатып әлек…
Ашкөздіктің арты жаман болатынын ұмытпасаңдаршы, "әулиелер"!", деп жазды.