"Бізге енді сылтаудың орны жоқ": Өзбектер өндірісін толық автоматтандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бізге енді сылтаудың орны жоқ": Өзбектер өндірісін толық автоматтандырды

"Бізге енді сылтаудың орны жоқ": Өзбектер өндірісін толық автоматтандырды

Өзбекстан өндірісін автоматтандыру арқылы көрші елдердің алдыңғы қатарына шықты.

  • 12 Шiлде
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Ташкентте барлық тұрмыстық техниканы 0-ден бастап толық роботтанған зауытта шығарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өткенде қоғам белсендісі Санжар Боқаев біздегі автопромда жұмысшылардың жай-күйін көрсетен. Біздің қазақтар машинаны қолмен, шүберекпен ысып жылтыратып жүр.

«Осыны көрсеткенде не күлерімді, не жыларымды білмеген едім…», — деді журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

Саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов зауыттағы өндірістің видеосын жүктеп, пікір білдірді.

«Ташкентте барлық тұрмыстық техниканы 0-ден бастап толық роботтанған зауытта шығарады. Бізге енді сылтаудың орны жоқ, сірә», — деді ол.

Адамды алмастырған роботтар күніне 300-ге жуық тоңазытқышты жинауға қауқарлы. Сондай-ақ заманауи кір жуғыш машиналарының жаңа үлгісі де Ташкентте жасалып жатыр. Роботтардың жұмысын бір адам қадағалап тұрса да жеткілікті. Бүгінде Өзбекстан өндірген тауарлар үлкен сұранысқа ие. Ресей мен басқа да елдерге экспортталып жатыр.