Бізге өте күшті допингтік ұйым керек - Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік департаментінің директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бізге өте күшті допингтік ұйым керек - Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік департаментінің директоры

Бізге өте күшті допингтік ұйым керек - Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік департаментінің директоры

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) спорттағы тазалықты қамтамасыз ету үшін барлық ұйымдармен жұмыс жасайды.

  • 28 Қазан 2012
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы кеше Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиялық аймақтық допингке қарсы ұйымның (RADOCA) конференциясында айтылды.

«Бізге өте күшті допингтік ұйым керек. Қазақстанда ұлттық допингтік ұйымды дамытуға үлкен қолдау жасалуда. Жалпы спортта допинг қаупі өте жоғары. Сыйақы көлемінің өсуіне орай спортшылар кейде табысқа тезірек қол жеткізу үшін барып жатады. Біз оны тоқтатуымыз керек», — дейді Бүкіәлемдік допингке қарсы ұйымның Білім және даму бағдарламалары департаментінің директоры Роб Келер. Оның айтуынша, Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында допингтік даулардың аз болуына атлеттерге оған дейін жүргізілген тестілеу өз септігін тигізген. Қазір велоспорт қауымдастығы спортты тазарту үшін көп жұмыстар жасауда. Оған әйгілі велошабандоз Армстронгке қатысты жәйттер айқын дәлел бола алады. Жалпы Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымның кодексін қабылдаған спортшылар оны бұзған жағдайда барлық атақ-дәрежесінен айырылып, айыппұл төлейді. Бұл өзгелерге сабақ болып, олардың допинг қабылдау тәуекелін азайтуға үлкен септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар