"Бізге "сәлеметсіз бе" дегенді қою керек. Олай сызылмау керекпіз - Қабылбек Әліпбайұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бізге "сәлеметсіз бе" дегенді қою керек. Олай сызылмау керекпіз - Қабылбек Әліпбайұлы

"Бізге "сәлеметсіз бе" дегенді қою керек. Олай сызылмау керекпіз - Қабылбек Әліпбайұлы

Танымал имам-ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мұсылман қауымға "сәлеметсіз бе" сөзінен арылу керектігін айтты.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 16735
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның айтқан сөзі әлеуметтік желіде желдей есіді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Шыны керек, бізде "сәлеметсіз бе" деген кіріп кеткен. Еркегі де, қатыны да бір-біріне "сәлеметсіз бе" деп кеткен. Бұл сөз бізге қайдан келді? Кеше кеңес дәуірінде "Ассалямды" қысқартқан түрі. Өйткені ол кезде олай ашық айта алмады. "Сәлеметсіз бе" бұл қазақтардың менталитеті деп олар ойлап қалды. Бірақ Аллаға шүкір, біз тәуелсіз мемлекет болды, біз дінімізді толық игере алатын болдық. Сәлеметсіз бе" дегенді қою керек бізге, бауырлар. "Сәлеметсіз бе" деп сызылмауымыз керек. Ассалаумағалейку, Уағалейкумассалам деп амандасуымыз керек", — деді Қабылбек Әліпбайұлы.