"Алматы-2050" даму cтратегиясында белгіленген жеті басты бағыттарды іске асыру мақсатында 9 салалық комитеттер құрылды. Бизнес-қоғамдастық өкілдерінен өзге кеңес құрамына қала әкімінің орынбасарлары және салалық басқармалар басшылары енген болатын.
Биылғы жылдың қараша айында әр комитет өз отырыстарында "Алматы-2050" даму стратегиясын, "ақылды", қауіпсіз әрі шетсіз қаланы дамыту перспективаларын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылаған еді. Комитеттер төрағалары атқарылған жұмыстар туралы баяндады және мегаполисті дамытудың түрлі бағыттарын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Іскерлік кеңестің даму стратегиясын талқылау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары біз үшін пайдалы әрі мазмұнды. Бизнесмендердің өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісуге, қала және оның тұрғындары үшін бастамалар мен бағдарламаларды бірге жүзеге асыруда ресурстарды пайдалануға дайын екендігі қуантады, — деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Отырыста Іскерлік кеңестің 2020 жылғы жұмыс жоспары талқыланды.