Бюджетті қолдау ма, теңгені сақтау ма? Ұлттық қор валютасы нарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 524.24
  • 612.94
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджетті қолдау ма, теңгені сақтау ма? Ұлттық қор валютасы нарыққа шықты

Бюджетті қолдау ма, теңгені сақтау ма? Ұлттық қор валютасы нарыққа шықты

Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге жұмсалады.

  • 2 Шiлде
  • 8
Фото: uralsweek.kz

Шілде айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 600-700 миллион доллар аралығында валюта сатуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл қадам не үшін жасалды және одан кім ұтады? Caravan.kz медиа порталы жалғастырады.

Мұндай операция маусым айында да жүзеге асқан болатын. Ол кезде 800 миллион доллар сатылған. Нәтижесінде күн сайын орта есеппен 40 миллион доллар сатылып, бұл биржалық сауданың 17 пайызын құрады.

Осындай операциялар аясында маусымда 213 миллиард теңге көлемінде өтімділік стерилизациясы жүргізілді. Ал шілдеде бұл көрсеткіш 290 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, бұл да Ұлттық қордағы валюта есебінен іске асады.

Айта кетерлігі, маусымда валюталық интервенциялар жүргізілмегенімен, экспорттаушылардың валюталық түсімінен 322 миллион доллар шамасында валюта сатылған. Бұл экспорттан түскен табысты теңгеге айырбастау нәтижесінде пайда болған сома.

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтеріне де ерекше назар аударып отыр. Валюталық портфель үлесін 40 пайыздан төмен түсірмеу үшін маусым айында биржада 188 миллион доллар көлемінде валюта сатып алынды. Бұл барлық биржалық сауданың шамамен 4 пайызын құрайды. Мұндай сатып алулар шілде айында да жалғасады, бірақ көлемі аз 100 миллион доллардан аспайды.

Бұл уақытта маусым айында теңге бағамы 1,7 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 519,73 теңгеге жетті. Валюта саудасының орташа күндік көлемі 238 миллион доллардан 235 миллион долларға төмендеді, ал жалпы сауда көлемі 4,7 миллиард долларды құрады.

Осылайша, Ұлттық банк бюджетке қолдау көрсету, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау және зейнетақы активтерін басқару стратегиясы арасында нәзік тепе-теңдікті сақтауға тырысып отыр. Бұл әрекеттер саяси қажеттілік пен нарықтық сигналдардың арасындағы тепе-теңдікке негізделген.