Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
40 жыл ұстаз болған ұстаздың жады ештеме ұмытпаған екен.
«Бұл — менің анам. Бұл — менің жұмағым. Тіл көзден аман болып, Алла қуат берсін. Осындай құрметтеті шәкірттері бар ұстаз бақытты ғой», — деп жазған ұстаздың қызы.
Желі қолданушылары әзіл-шыны аралас кейуанаға ізгі тілектерін жазған.
«Мен де ұстазбын, осылай қартаю — арманым. Апайдың есеп шығарғанын көріп, зейнетке 75 жаста шығады деп жүрмесін. Әжейдің жады тың екен. Осындай зейнеткер мұғалімді көру үлкен қуаныш», — деп жазған олар.