БҚО-да тыйым салынған өсімдіктерді өсіретін жасырын зертхана анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да тыйым салынған өсімдіктерді өсіретін жасырын зертхана анықталды

БҚО-да тыйым салынған өсімдіктерді өсіретін жасырын зертхана анықталды

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Бәйтерек ауданының 59 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізді

  • 2 Қараша
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар «қарасора» тұқымдасына жататын өсімдікке ұқсас екі түп табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар үй ауласынан диодты жарықпен, желдеткішпен, электр қуатын беруге арналған таймермен жабдықталған және қабырғалары арнайы қапталған фитозертхана анықталды.

Бөлмені қарау кезінде тәртіп сақшылары өсімдік тектес жемістері бар бір үлкен қорап пен жапырақтары мен бұталары салынған екі полиэтилен қапты тәркіледі. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың «қарасора» тұқымдас өсімдіктер болуы мүмкін екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Перейти к новостям спорта