Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы блогердің Instagram-на сілтеме жасап хабарлайды.
"Самал есімді оқырманым келіп, тұсау кесуді сұрап тұр. "Әзілдеп тұрсыз ба?" десем "Жоқ, мен сүріне беремін, тұсауым кесілу керек" дейді. Бұл жолы Самал ханым сұрағаннан кейін тұсауын кесейік. Ақ жол енді, сүрінбеңіз", — деді Дәулет Мұқаев.
Сондай-ақ, блогер 28 жасар Қарағандылық келіншек те тұсауын кесуді сұрағанда ыңғайсызданып кеспегінін айтты.
Бұған дейін Дәулет Мұқаев 36 жасар әйелдің баласының да тұсауын кескен екен.