Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен сөзімде тұрдым. Өздеріңіз білесіздер маған үлкен жала жабылды. Бүгін мемлекеттік экспертиза қорытындысы шықты», — деді блогер.
Блогердің адвокаты Есімбол Мамырханов портреттік сараптама қорытындысы видеодағы адамның Сабина емес екенін анықтаған.
«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде интимдік, тіпті порнографиялық сипаттағы видео таратылып, Сабина Мовлаеваға негізсіз айып тағылған еді. Қолымызда сот сараптамасы тұр. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, видеодағы мүлдем басқа әйел. Сарапшылар заманауи криминалистика әдістерін қолдана отырып, адамның бет-бейнесіне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды нақты анықтап берді. Осы іс бойынша біз полицияға арызданып, қазіргі таңда жала жабу мен порнографиялық материалды тарату бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Сабина Мовлаеваға жала жапқанда заңға сәйкес жауап беретін болады», — деп түйіндеді адвокат.