Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қамшының сабындай бәкінің беліндей қысқа ғана өмірде жақсылық жасасаң бір күні алдыңнан күлімдеп шығады дейді. Ал жамандық жасасаң итше артыңнан қабады дейді. Бүгін жақсылық жасағым келіп тұр. Жалдамалы пәтерлер көп бір ауданның 2-3 дүкеніне кіріп, мүмкіндігі шектеулі жандардың қарызын айтпай жауып кетемін», — деді блогер.
Блогер 4 жылдан бері төлей алмай жүрген 187 мың қарызы бар, қайтыс болып кеткен әйелінің 45 мың қарызын жауып берді.
Сондай-ақ, басқа дүкенге кіріп жүре алмай қалған үлкен кісінің 2 жылдан бері төлей алмай жүрген қарызын, жақында босанып пәтер жалдап отырған әйелдің де қарызын жауып берді.
Видео: Instagram