"Блогерлердің Алла жазасын берсін" - Әбдіғаппар Сманов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Блогерлердің Алла жазасын берсін" - Әбдіғаппар Сманов

"Блогерлердің Алла жазасын берсін" - Әбдіғаппар Сманов

Уағызшы, көпшілік қауым оны ұстаз ретінде танитын Әбдіғаппар Сманов блогерлерді кінәлап, олардың Алла жазасын берсін деп видеоүндеу жариялады.

  • 11 Ақпан 2019
  • 1263
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы жазбаны "Али студиясы" Youtube желісіне шығарды.

"Бізге Алла тағала сондай елбасыны беріп қойған. Иманды, бүкіл қызығатын да, қызғанатын да. Мына кейбір бұзғыншылар, тікелей елбасына әңгіме айтып, шырылдап жатыр ғой. Осы бес баланың өлімі ең бірінші біздің елбасымызға қатты тиді. Себебі, осы 1 айдан бұрын Сириядағы 70 отбасыны кім көшіріп келді? Өсек айтып жатқан мына блогерлер қайсысың бір тиын беріп қойдыңдар? Сириядағы 70 отбасыны бала-шағасымен кім алып келді? Оларға Қазақстанның бір тиын пайдасы жоқ еді, бірақ осы елбасымыз елім деп, қазағым деп жүрегі жылайтын азамат. Мына жазушылар, мына өсекшілер халықтың осындай нәзік жерін ұстап алып бес баланың үйін салып беру керек еді, анау еді, бұның барлығына елбасы кінәлі деп жазып жатыр. Елбасына, бүтін елге жаман  көргізеп деп жатқан бұлардың Алла жазасын берсін", — деп сөзін аяқтады Әбдіғаппар Сманов.

Соңғы жаңалықтар